Атырауда 17 жастағы бала көпірден секіріп кетті
21.05.2023 10:19
Фото:
ІІМ баспасөз қызметі
Атыраулық полицейлер көпірден секірген жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
20 мамыр күні сағат 22:30 шамасында Жайық өзенін патрульдеу кезінде орталық көпірден белгісіз ер адамның секіріп кеткені жөнінде хабарлама алған полицейлер дереу оқиға орнына жеткен.
Полиция қызметкері жедел әрекет ету барысында өзен бетін қараңғыдан дұрыс көрмегесін секірген ер адамды іздеу қиындық туғызғанын айтады.
Кейін қызметкерлер суға секірген ер адамның бағытына суға секіріп жүзіп барып қайыққа мінгізіп құтқарған. Қазіргі таңда көпірден секірген ер адамның 2006 жылы туған жасөспірім екендігі белгілі болды. Оның бұл әрекетіне қатысты жедел-тергеу тобы тексеру жұмыстарын бастап кетті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

