Жаңалықтар

Атырауда 11 адамды сан соқтырған алаяқтарға сот үкімі шықты

Атырауда 11 адамды сан соқтырған алаяқтарға сот үкімі шықты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 10.04.2024 15:00 594

Атырауда 11 адамды сан соқтырған алаяқтарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысында полицияға бірнеше тұрғын алаяққа алданғанын айтып, арыз жазған. Олардың айтуынша, белгісіз біреулер заманауи тұрғын үйлерден пәтерлерді тәулігіне жалға беремін деп алдап, ақшасын иемденіп кеткен. Олар әр алаяқтық іс-әрекеттерін жасау барысында жаңа нөмірлерді қолданған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 28 және 34 жастағы екі ер адамды анықтады. Күдіктілердің жеке басын анықтау кезінде екеуі де бұрын сотты болған БҚО азаматтары екені белгілі болды.

Күдікті екі азаматтың біріне сот үкімімен 4 жыл 6 ай, екінші күдіктіге 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға