Жаңалықтар

Атырауда 100-ге жуық жылу батареясын ұрлап кеткен

Бұл туралы Атырау қалалық ПД мәлім етті
Атырауда 100-ге жуық жылу батареясын ұрлап кеткен
Фото: gov.kz 31.01.2023 14:29 1609

Қазіргі таңда 1992, 2001 және 2003 жылы туған күдіктілер анықталып, ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның жалпы құны – 5 325 000 теңге.

Қала тұрғыны Атырау қалалық полиция бөлімшесіне  хабарласып, қоймасынан өзіне тиесілі 87 дана жылу батареясы, 15 қорап ішіне оралған 10 дана газ есептегіші мен 20 дана болатын су есептегішін ұрланғаны туралы шағымданған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға