Атырау жастарына «JASTAR OTANGA-2019» лагері ұйымдастырылды

02.07.2019 16:49

«JASTAR OTANGA-2019» атауымен Атырау облысының белсенді жастарының арасында 6 күндік лагерь жұмыс істеді. 

лагерь 4.jpg

Лагерьдің негізгі мақсаты - жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен ұлттық құндылықтарды насихаттау болып табылады. 

лагерь 5.jpg

Лагерьге «ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» жастар қозғалысы мүшелері Аслан Аманжолов және Юзликеев Михаил, сондай-ақ бір топ жастар қатысты. Лагерь барысында түрлі тренингтер, облыс әкімімен кездесу, брейн-ринг, кезекті FUN TIME пікірсайыс турнирі, әртүрлі стартап жобалары ұйымдастырылды.

лагерь.jpg

Сонымен қатар, лагерь қатысушылары Индер ауданының тұзды көл аймағы мен батыр Махамбет Өтемісұлы қаза тапқан Қараой жеріне экскурсия жасап қайтты.