Жаңалықтар

Атырау университетінің деканы 6 жыл бойы заңсыз жалақы алып отырған

Атырау университетінің деканы 6 жыл бойы заңсыз жалақы алып отырған
Фото: atr.kz 28.11.2023 12:20 1383

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті алты жыл бойы заңсыз жалақы алған оқу орнының бұрынғы деканына қатысты жанжалға пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін тексеру барысында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КЕАҚ "Экономика және құқық факультетінің" деканы 2017 жылдан 2023 жылдың қыркүйегіне дейінгі аралықта жалпы сомасы бір миллион теңгеге жуық жалақыны заңсыз есептегені анықталды. Ол іс жүзінде жұмыста болмаған. Өйткені бірнеше рет шетелге шығып, Оңтүстік Корея, Түркия және т.б елдерде болған.

Есептік картаға сәйкес, аталған университеттің бұрынғы қызметкеріне іссапарға жоспарланған уақыттан ерте кеткен немесе кеш қайтқан күндері, сондай-ақ отбасылық себептермен белгілі бір уақыт аралығында жұмыста болмаған күндері үшін есептелген және төленген. Денсаулығына байланысты университетке келтірілген шығынды бұрынғы декан анықталған сома бойынша толығымен өтеп берді, - делінген хабарламада.

Анықталғандай, 2023 жылдың 20 қазанында декан еңбек тәртібін бұзғаны үшін қызметінен босатылып, 2023 жылдың 1 қарашасында аталған қызметкермен еңбек шарты толығымен бұзылған. Осы бұзушылықтарға әкеп соққан, немқұрайлылық танытқан лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға