Жаңалықтар

Атырау университетінің студенттері құймақ жасаудан шеберлік сыныбынан өтті

Атырау университетінің студенттері құймақ жасаудан шеберлік сыныбынан өтті
13.03.2019 03:43 2495

Атырау мұнай және газ университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарын дайындаудан Масленица мерекесі қарсаңында «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен шеберлік сыныбы өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Людмила Садыкова Масленица мерекесінің шығу тарихымен және студенттерді орыс халқының ұлттық тағамдарымен таныстырды.

Ас үйде арнайы шақырылған қонақтар Ирина Домбровская, Светлана Кондратенко, Нина Буянова орыс құймақтары, олардың әсемдігі мен рецептуралық әртүрлілігі: тәтті құймақтар, етпен және саңырауқұлақпен, жасалған құймақ, варенье және балмен қосылған құймақтар, алма салмасы бар құймалардың әзірленуі  және орыс сорпасын дайындаудың тәсілдерін көрсетті.

Сонымен қатар, Ирина Домбровская кездесуге қатыса алмаған Зинаида Агунькинаның еңбекқор қолдарымен дайындалған құймақ дайындау технологиясы туралы әңгімелеп берді және оны барша қауымға таныстырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға