Жаңалықтар

Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы жауапқа тартылды - Антикор

Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы жауапқа тартылды - Антикор
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 22.11.2023 13:06 776

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілі Арман Тілеукенов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктегі лауазымды тұлға қарамағындағы қызметкердің жемқорлық әрекеті үшін жауапқа тартылды. Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен ҚР ҚПК 200-бабы шеңберінде мән-жайларды жою жөнінде ұсыныс енгізді.

Мәселен, Антикор Атырау ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін Атырау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысын тәртіптік жауапкершілікке тартуға бастамашы болды. Оған сөгіс жарияланды.

Лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігімен қатар ұсыну шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар енгізді.

Айта кетейік, қылмыстық іс Атырау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасына қатысты тергелді.
Мемлекеттік қызметші арнайы техниканы жедел тіркегені үшін жүйелі негізде 87 мың теңге сомасында пара алған, - деді ресми өкіл.

Атырау қаласының №2 соты мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 млн теңге мөлшерінде пара сомасынан 35 есе айыппұл салуға үкім шығарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға