Жаңалықтар

Атырау полицейлеріне «Кибер-шериф» құрылғысы бар көліктердің кілті табысталды

Атырау полицейлеріне «Кибер-шериф» құрылғысы бар көліктердің кілті табысталды
Фото: Видеодан кадр 20.01.2024 09:47 1108

Атыраулық полицейлер енді «Кибер-шериф» құрылғысы бар көліктермен жүретін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірдегі республикалық және жергілікті маңызды тас жолдардағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патрульдік полиция ротасы мен патрульдік полиция қызметкерлеріне су жаңа 29 қызметтік көліктің кілтін облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев салтанатты түрде табыстады.

Бұл қызметтік автокөліктің барлығы «Кибер-шериф» құрылғыларымен жабдықталған. Сонымен қатар саптық жиында 4 дана әуе дроны, 8 дана «Оракул-Инсайт» мобильді-тасымалды және республикалық маңызы бар тас жолдардағы қауіпті авариялық аумақтарға 15 дана «Трафик-Сканер» стационарлық жылдамдық өлшегіш құралдары табысталды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Атырау Облысы Полиция Департаменті (@police.atyrau)

Атырау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, «Кибер-шериф» борттық аппараттық кешені Атырау қаласы аумағына және облысымызды қиып өтетін республикалық маңызы бар Атырау-Индер, Сағыз-Миялы, Құлсары-Теңіз тас жолдарында арнайы авто патрульдер қызметін атқаратын болады. Аталған жүйе – жол ережесін бұзушы, қауіпті жүргізушілерді дер кезінде анықтауға және автоматты түрде жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Бұл жол апаты жағдайларының санын азайтуға және оның алдын алуға зор үлес қосады.

Оқи отырыңыз: 

Құрылғының бейнекамерасы 360 градуста көріністі бақылап, бір мезгілде 50 автокөлікті анықтай алады. Сонымен қатар стационарлық және қозғалыс кезінде жылдамдықты шектен тыс асыру, қарсы бағытқа шығу, көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлерін таққан, ұрланған көліктерді немесе борышкерлердің темір тұлпарын, уәкілетті мемлекеттік органдарымен тыйым салынған көлік құралдарын автоматты түрде анықтайды. Анықталған құқық бұзушылық деректері полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз автоматты түрде базаға түсіп, электронды хаттама қаулысы 1 апта ішінде көлік иелерінің мекен жайларына жолданады.

Жаңа толықтырулар қаңтар айының 22-сінен бастап 1-ші ақпанға дейін сынақтық режимде жұмыс жасап, 1 ақпаннан бастап толықтай жүйеге енетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға