«Атырау-Орал» автожолында 26 жолаушыны эвакуацияланды
07.07.2025 22:37
Фото:
Видеодан кадр
Құтқарушылар 26 жолаушыны эвакуациялады. Оқиға Ақжайық ауданы Лбищенское ауылының маңындағы «Атырау-Орал» автожолында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Белгілі болғандай, жолаушылар мінген автобус жолда кенеттен бұзылып қалған.
Эвакуацияланғандар оқиға орнынан шамамен 50 шақырым қашықтықта орналасқан жақын елдімекенге жеткізілді. Оларды сол жерде басқа автобус күтіп тұрды.

