Атырау облысының полицейлері әйел адамды құтқарып қалды
Атырау облысында тәртіп сақшылары әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
ІІМ-нің мәліметінше, 17 маусым күні Құрманғазы ауданында патрульдік полицейлер Әділбек Темірболатов пен Айтуған Бақтығалиев және Нұрмағамбет Мукушев өздеріне бекітілген аумақта, Бұзаусылан каналында көпірде іс әрекеті оғаш көрінген ер адамды байқаған.
Дереу жанына жеткенде ер адамның көпірдің арғы жағына өтіп, суға секірмек болған әйелді райынан қайтармақ ниетте екенін көрген полицейлер шұғыл әрекет етіп, оны қауіпсіз жерге шығарған. Мәселенің мән-жайын тексеру барысында көпірден секірмек болған 19 жастағы аудан тұрғыны екені анықталды, - деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта.
Аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды.