Жаңалықтар

Атырау облысында жыл басталғалы 17 адам АИТВ жұқтырған

Атырау облысында жыл басталғалы 17 адам АИТВ жұқтырған
Фото: pixabay.com 22.05.2023 03:13 778

Атырау облысында жыл басынан бері 17 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) орталығы адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясын жұқтырған 328 адам диспансерлік есепте тұрғанын айтты.

Ал облыс бойынша 30 жылда АИТВ инфекциясын жұқтырған 13 адам көз жұмған.  

Атырау облысында АИТВ инфекциясын жұқтыру дерегі 1993 жылы анықталған. Содан бергі кезеңде 13 адам аталған дерттен қайтыс болды. АИТВ инфекциясы емделмеген жағдайда ЖИТС сатысына ұласады. Бұл дертті жұқтырғандар айықпайды. Ауырған пациенттердің иммунитеті инфекцияға қарсы күшейтілген дәрі-дәрмекті қабылдағаннан кейін қалыпты болып тұрады. Былтырғы 4 айда 25 адамнан қауіпті инфекция белгісі анықталған еді. Ал, биылғы 4 айда бұл ауруды жұқтырған 17 адам тіркелді. Оның ішінде 5 әйел (29,4), 12 (70,6%) ер бар, - делінген орталықтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралуының үш жолын анықтады.

Бұл жыныстық, инъекциялық және анасынан балаға жұғу жолымен тарайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға