Атырау облысында жүк көлігімен шыққан адамдар хабарсыз кеткен
08.03.2025 17:15
Фото:
©El.kz
Кеше кешке екі адам Атырау облысы Құлсары қаласынан Шөл қала учаскесіне жүк көлігімен шығып, хабарсыз кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кешке құтқарушыларға көмек сұрап туыстары хабарласты.
Бүгін, 8 наурызда таңертең ТЖМ іздестіру тобымен жоғалғандар "Бес ағайын" қыстағында табылып, Құлсары қаласына жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

