Жаңалықтар

Атырау облысында жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстары белсенді атқарылуда

Атырау облысында жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстары белсенді атқарылуда
Фото: ҚазАвтоЖол 14.04.2024 14:15 689

«ҚазАвтоЖол» мамандары Атырау облысында жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстары белсенді атқарып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.


4 сәуірде еріген қар суының мөлшерінің артуы салдарынан «Атырау-Доссор-Құлсары-Ақтау» тас жолының 101-103 шақырымындағы жүру бөлігін су шайып, жалпы ұзындығы 20 метр болатын 2 жол учаскесі бұзылған болатын. 12 сәуірде еріген қару суының деңгейі түсе сала, «ҚазАвтоЖол» филиал мамандары жол қозғалысын қалыпқа келтіру үшін бірден жөндеу жұмыстарын бастады.

Қазіргі таңда диаметрі 1 метр болатын 12 бірлік су өткізгіш металл құбырлар орнатылды. Бұл жұмыстарға 31 арнайы техника (5 жүк тиегіш, 20 қотарғыш, 2 жайғыш, 1 автогрейдер, 1 кран, 1 экскаватор, 1 трал) мен жеке құрамнан 39 адам жұмылдырылды.  Сондай-ақ учаскеде 1500 м3 фракциялық және инертті материал әзірленді.  Ал теміржол торабында 1035 м3 қиыршықтастар мен 600 м3 кесектастар жүктелуде. Қосымша 400 м3 кесектастар жолда келуде.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан Құлсары қаласының И.Тайменов және Құржұманов көшелері арқылы полиция патрульдік қызметімен жол қозғалысы жүзеге асырылатын болады. Компания мамандары 15 сәуірге дейін жол қозғалысын ашуды жоспарлауда,-делінген "ҚазАвтоЖол" мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға