Жаңалықтар

Атырау облысында тегін дәрі-дәрімек алатын тұрғындар саны негізсіз қысқартылған

Атырау облысында тегін дәрі-дәрімек алатын тұрғындар саны негізсіз қысқартылған
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 17.08.2024 18:10 555

Атырау облысы Жылыой ауданында жергілікті тұрғындардың конституциялық құқықтары қорғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, дәрігерлердің азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету міндеттерін елемеу фактілері анықталған. Атап айтқанда, аудандық ауруханада есепте тұрған тегін дәрі-дәрімек алатын азаматтар саны негізсіз қысқартылған. Сондай-ақ тауар жеткізушімен дәрілік заттар уақытылы жеткізілмеген.

Қадағалау актісі бойынша орталық ауруханада қант диабеті, артериалдық гипертензия диагноздармен есепте тұрған 4 054 азаматқа 19 155 349 теңгеге 4 866 қаптама көлемінде дәрі-дәрмектер (Джардинс, Инвокана, Тражента, Форсига және т.б.) берілді. Тұрғындардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Аудандық аурухананың жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға