Жаңалықтар

Атырау облысында қамыс өртінің бес ошағы анықтады

Атырау облысында қамыс өртінің бес ошағы анықтады
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 07.07.2023 14:27 1215

Атырау облысында өрт ошақтарына әуеден барлау жүргізу үшін тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта қамыс арасында өрттің бес нүктесі анықталып отыр. 7 шілдеде Атырау қаласында түтін иісінің анықталуына байланысты, өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуеден барлау жүргізу үшін "Қазавиақұтқару"АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған. 

Атырау облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник А. Ержановтың басшылығымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған комиссия мүшелері (3 адам) Каспий теңізінің жағалауында 15 шақырым радиуста аэровизуалды тексеру жүргізгенін мәлімдеді. 

Жүргізілген әуеден барлау нәтижесінде, жану аумағы шамамен 5 гектар аумақты алған. Өрт аумағы аспий теңізінің жағалауында болғандықтан, түтін теңізге қарай бағытталып отыр. Сондай-ақ, елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.

Сағат 05:40-та Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары қамыс өртін сөндіру үшін жолға шыққанын мәлімдеді. Ал таңғы 8 сағат  30 минутта күштер мен құралдар қаладан 30 км қашықтыққа Кеңөзек елді мекені аумағына жеткені белгілі болды. Қамыс өртін сөндіруге Атырау облысы ТЖД, «Ақ Жайық» МТР 55 қызметкері, 13 бірлік техникасы,   2 бірлік мотопомпа және «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылып, қазір өртті сөндіру жалғасып жатыр. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға