©Pixabay.com

Атырау облысында келіні енесін өлтірді деген күдікке ілінді

Атырау облысында егде жастағы әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жасқайрат ауылында 1942 жылы туған әйелдің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция мәліметінше, күдікті ретінде 1986 жылы туған азаматша ұсталған. Ол – марқұмның келіні.

Атырау облыстық Полиция департаменті қазіргі уақытта жан-жақты тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Оқиғаның мән-жайы нақтылануда, ал қылмыстың себептері анықталу үстінде.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды, – деп нақтылады департамент өкілдері.

Ауыл тұрғындары болған жайтқа қатты таңғалған. Тергеу амалдары жалғасуда.