Атырау облысында ауылдағы су тазарту қондырғысының жұмысы уақытша тоқтатылды
29.05.2024 02:31
Фото:
БҚО әкімдігі
Атырау қаласының Амангелді ауылындағы су тазарту қондырғысының жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы «Атырау облысы су арнасы» КМК ақпарат таратты.
Амангелді ауылындағы су тазарту қондырғысының жұмысы қалқымалы сорғыға бару және жөндеу жүргізудің мүмкін еместігіне байланысты уақытша тоқтап тұрғанын хабарлаймыз. Соның салдарынан Дамбы, Қызылбалық, Жаңаталап және Құрманғазы ауылдарына салқын су Атырау қаласынан жеткізіледі. Осыған байланысты үйдегі су қысымы төмендеуі мүмкін, - деп жазылған кәсіпорынның ақпаратында.
Су тазарту қондырғысын қайта іске қосу жұмыстарын маусым айында жүргізу жоспарланған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

