Атырау облысында аудан тұрғынынан 16 келі қарасора тәркіленді
04.07.2025 19:06
Фото:
polisia.kz
Атырауда полиция 16 келі қарасора өсірген аудан тұрғынын анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі өсірумен айналысқан Индер ауданының тұрғынын ұстады.
Тінту кезінде тұрғылықты мекенжайынан 16 келі қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, - делінген мәліметте.

