Жаңалықтар

Атырау облысына «Жайық-Орал» халықаралық ресей-қазақстандық экспедициясы келді

Атырау облысына «Жайық-Орал» халықаралық ресей-қазақстандық  экспедициясы келді
06.08.2018 06:26 2269

«Жайық-Орал» халықаралық ресей-қазақстандық экспедициясы ағымдағы жылдың 23 шілде күні өз жұмысын Орал қаласынан бастап,  27 шілде күні Атырау жеріне келді. Экспедиция жұмысына «Былина» орыс этно-мәдени бірлестігі де  қатысты.

Экспедицияның басты мақсаты — экология төңірегінде мәселе қозғау болғандықтан «Сохранить реку» атты ұранмен экспедицияның барлық қатысушылары  Индер ауданында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Аудан әкімі — Серик Арыстан құттықтау сөз сөйлеп, дөңгелек үстелді ашты. Экспедицияны Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко бастап келді.  Жоғарыда аталған тақырып төңірегінде Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев, Орынбор қалалық Кеңесінің төрайымы Ольга Березнева және басқа да экспедиция құрамының мүшелері баяндама жасады.

Отырыстан кейін, экспедиция мүшелері Индер ауданындағы тұзды көлге барып қайтты. Кеш, экспедицияның Атырау облысына келуіне орай концертпен  жалғасын тапты.

Екінші күні экспедиция мүшелері қарт Жайық бойымен Махамбет ауданына қарай бет алды. Онда «Жасыл Ел» жастар жасағының белсенділерімен бірлесіп, Жайық жағалауын қоқыстан тазарту экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Одан әрі экспедиция мүшелері байдаркаға отырып, Жайық бойымен Сарайшық қалашығына барды.

Қалашықтың ежелгі қазба жұмыстарымен танысып, тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады. Кездесу мерекелік кешкі аспен аяқталды.

Міне, осылай экспедицияның XXII жұмыс сапары Атырау өңіріне аяқталды. Бұл шараға  Атырау облысының ауқымды үлес қосуы Жайық өзенінің экологиялық мәселелеріне немқұрайлы қарамағандығынан деп білеміз. Алдағы уақытта екі ел арасындағы татулық нығайып, осындай игі істер жалғасын табатын болады деген сенімдеміз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға