Жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады
Атырау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Фото: gov.kz 11.08.2022 15:52 1784

Атырау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды, – деп хабарлайды El.kz.Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін актив отырысында аймақ басшысы Серік Шәпкенов жаңа орынбасарларын таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Нұртаев Қайрат Талапұлы Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Нұртаев Қайрат Талапұлы Атырау мұнай және газ институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген. Экономика және бизнес магистрі.
Еңбек жолын 2004 жылы Атырау облыстық экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасында бас маман, 2005-2007 жылдары аралығында Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары, 2008 жылдан бастап Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басқармасының автокөлік жолдары бөлімінің басшысы болды. 2010 жылдан 2017 жылға дейін Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының орынбасары, 2017-2019 жылдар аралығында Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2019 - 2021 жылдары Құрманғазы ауданының әкімі болды. 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың қаңтарына дейін Атырау облысы әкімінің кеңесшісі, 2022 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін «БатысАльянсстрой» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Бисембиев Жасұлан Орақұлы Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жасұлан Бисенбиев бұған дейін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Жасұлан Бисембиев Атырау политехникалық колледжін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Ресей Федерациясы Астрахань мемлекеттік университетінің әлеуметтану магистрі.
Еңбек жолын 2008 жылы «Жасыл ел» Атырау филиалында бастаған. «Тарлан-Атырау» ҚБ төрағасы, «Атырау Ақпарат» МКК төраға көмекшісі, 2013 жылы «Атырау қаласы жастар ресурсы орталығын» басқарды. 2016 жылдың мамыр айында жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары, 2017 жылы осы басқарманың басшысы қызметін атқарған. 2017-2020 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының басшы болды. 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін - «Gate Insaat Taah.San.Tic.A.S.» компаниясының менеджері. 2021 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға