Жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауытының мұржасында тағы газ алауы жанды

Атырау мұнай өңдеу зауытының мұржасында тағы газ алауы жанды
Фото: atr.kz 09.05.2023 23:00 937

Атырау мұнай өңдеу зауытының мұржасында тағы да газ алауы жанды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Атырау МӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, 8 мамырда параксилол өндіретін Paramax (PX) технологиялық қондырғысын іске қосу шарасы жүргізілген. Алайда кешкі сағат 19:18-де алдын ала фракцияға бөлу бағанын ыстық циркуляцияға шығару кезінде қысым клапанының жұмысынан ақау шыққан.

Сол себептен, технологиялық контурда қысым жоғарылады. Апаттарды жою жоспарына сәйкес жабдықтың герметикалық қасиетінің бұзылуын болдырмау мақсатында жағдай тұрақталғанға дейін газ уақытша факелге жіберілді, - деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімінен.

Облыстық Экология департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау қаласында орналасқан атмосфералық ауа сапасының мониторингі станцияларының көрсеткіштеріне талдау жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Енді экологтар «Атырау МӨЗ» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мұнай зауытының мұржасында жарты сағатқа жуық от алаулаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға