Жаңалықтар

«Атырау - менің қалам»: Тазалық акциясында 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды

«Атырау - менің қалам»: Тазалық акциясында 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды
Фото: Видеодан кадр 15.12.2024 15:40 25

Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында Атырау қаласында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында «Атырау – менің қалам» атты ауқымды тазалық акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тазалық іс-шарасына қала тұрғындары, мемлекеттік мекеме өкілдері белсене қатысты.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, акция барысында қала аумағындағы саябақтар, алаңдар, тұрғын үй кешендерінің маңайы және Жайық жағалауытазартылды. Әсіресе, өзен жағалауы басты назарда болды. Қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың борышы екенін атап өтіп, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Ұйымдастырушы Болатбек Өтешовтың айтуынша, мұндай акциялар қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға ғана емес, қоғамның табиғатқа деген қарым-қатынасын өзгертуге ықпал етеді. Осы орайда, алдағы уақытта экологиялық мәдениетті арттыру бағытында түрлі акциялар өткізу жоспарлануда.

Біз Атырау қаласын тек қана таза емес, сонымен қатар экологиялық жағынан қауіпсіз қалаға айналдыруды мақсат етеміз. Әр тұрғын осыған үлес қосуы тиіс, – деді Болатбек Өтешов.

Айта кетейік, аталған акцияға 50-ге жуық адам қатысып, 2 тоннаға жуық қоқыс жинады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі (@rsc.atyrau)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға