Жаңалықтар

Атырау мен Көкшетауда этномәдени орталықтар мұқтаж жандарға қол ұшын беруде

Атырау мен Көкшетауда этномәдени орталықтар мұқтаж жандарға қол ұшын беруде
29.01.2019 10:09 2477

Атырау қаласында «Сарқыт» қайырымдылық акциясы аясында «Довира» украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен белгілі тұрағы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығында «Мелодия души» қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Ал облыс орталығының сауда-мәдени орталықтарының бірінде ДЦП ауруына шалдыққан кішкентай бүлдіршін Эльнар Соколовқа қаржылық қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді.

Қайырымдылық іс-шаралар барысында кішкентай бүлдіршіндер, Атырау қаласының жастары мен тұрғындары қолдауға мұқтаж жандарға жақсылық нұрын шашып, бар қолдауларын көрсетіп, көмек қолын созды. 

Сондай-ақ, балаларға, үлкендерге жылулық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған «Хуторянка» шығармашылық ұжымы қазақ, орыс, украин тілдерінде ән шырқады, ал «Тропикана», «Фламинго» би студиясы,  «Фантазия» вокалдық студиясының бишілері мен әншілері шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ал Көкшетау қаласында «Қайырымдылық керуені» аясындағы «Сарқыт» қайырымдылық акциясын облыстық маслихат депутаты, «Той Дастархан» ЖШС директоры Елена Мащинская басшылық ететін қалалық «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі жалғастырды.

Орталық өкілдері ішінде азық-түлік жиынтығы, етті бәліштер және чуваш этномәдени бірлестігінің эмблемасы бар - «Сарқыт» сыйлығымен 15 отбасын аралап шықты.

Аралаған адамдардың арасында жалғызілікті қариялар, мүгедектер, қолдау мен көмекке мұқтаж егде жастағылар, өмір жолдары жанды тебірентетін және қызықты қала мен ақмола өңірінің дамуына айрықша үлес қосқан жандар бар.

Мысалға, Башқұрт жерінде дүниеге келген, ұлты чуваш, қазақ тілін жетік меңгерген, көп жылдан бері Көкшетау қаласында тұратын 90 жастағы Анна Бектасованың (Спиридонованың) тағдыры қызықты. Өзінің жұбайы, ұлты қазақ, Тасыбай Бектасовтың, одан кейін сүйікті ұлы Төлегеннің дүниеден өткендерін бастан кешкен қайратты әйел адам бойындағы жігерін жоғалтпай бүгіндері өзінің қыздары мен немерелеріне ақыл-кеңесімен көмектесуде.   

Келесі кезекте шара қатысушылары «Сарқыт» сыйлығымен, тың игеруші, өнертапқыш, еңбек ардагері, тыл еңбеккері Осип Троицкийдің үйінде болды.

84 жастағы Осип Семенович – өнертапқыш-ғалымдар арасында жақсы танымал тұлға.  Оның жаздық бидай өсіруге арналған ойлап тапқан құрылғысы туралы сол жылдары облыстық газеті жазып, өнертапқыш бидай өсіруде өзі жасаған жаңа әрі ақылды технологияны пайдалану керектігі туралы айтқаны бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға