Атырау облысы бойынша экология департаменті 18 тамыз бен 5 қыркүйегі аралығында "АМӨЗ"ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тематикалық тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.
Тексеру зауытты электрмен жабдықтаудағы кернеудің істен шығуы нәтижесінде технологиялық қондырғыларды толық тоқтату жүргізілгенін көрсетті.
Осыған байланысты, жабдықтың қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету үшін көмірсутегі газының артық қысымы қысқа уақытта алау жүйесіне жіберілді.
"KEGOC" АҚ тарапынан электрмен жабдықтауды қалпына келтіргеннен кейін тауарлық өнім өндіруге арналған технологиялық тізбектің қалыпты жұмысын қалпына келтіре отырып, технологиялық қондырғылар қайта іске қосылды.
Жобалау құжаттарын зерделеу кезінде кәсіпорында алауларда газ жағудан эмиссияға рұқсат жоқ екені анықталды. Осылайша, "АМӨЗ" ПГПН алау қондырғысында 73 мың м3 көлемінде отын газын жағу нәтижесінде жүзеге асырған эмиссиялар және ППНГО қондырғысында 6 мың м3 өз бетінше болып табылады және ҚР экологиялық заңнамасына сәйкес нормалауға жатпайды.
Айта кету керек, мұндай бұзушылық жүйелі болып табылады. Ұқсас фактілерге кәсіпорын бір жылда үшінші рет жол берген.
Кәсіпорынға қатысты қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін жүйелі түрде асырғаны үшін ӘҚБтК-нің 328-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды .
Материалдар соттың қарауында болады.
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы тексеріс аяқталды
Оқи отырыңыз
9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады