«Атырау» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Мұнайшылар» Волгоградтың «Ротор» клубымен кездесіп, 1:4 есебімен оңбай ұтылды.
Қазақстан клубының сапынан жалғыз голды Виктор Живожинович салды. Ал жеңімпаздар қатарынан Филипп Дворецков дубль авторы атанса, сонымен қатар Илья Сафронов пен Ризван Ахмедханов (пенальтиден) мергендігімен көзге түсті.
Айта кетейік, «Ротор» Ресейдің Екінші лигасында өнер көрсетеді.
«Атырау» Қазақстан премьер-лигасын былтыр жетінші орынмен аяқтаған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

