Атырау-Индер тас жолындағы апатта анасы мен екі баласы көз жұмды
19.07.2023 03:32
Фото:
© Polisia.kz
18 шілде сағат 15:30 шамасында Атырау-Индер тас жолының 123 шақырымында Toyota Camry және КаМАЗ жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Toyota көлігінде болған 3 жолаушы оқиға орнында қайтыс болды, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болған 3 жолаушы анасы мен 1 және 15 жастағы қыздары - БҚО тұрғындары.
Сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция кез келген жағдайда жол қауіпсіздігін сақтау қажеттігін ескертеді. Ауа райы жауын-шашын болған жағдайда жылдамдықты шамадан тыс асырмай, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтаңыздар, - деп ескертті полицейлер.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

