Жаңалықтар

«Атырау» футбол клубын тағы да шетелдік маман жаттықтыруы мүмкін

«Атырау» футбол клубын тағы да шетелдік маман жаттықтыруы мүмкін
Фото: aladop.kz 03.01.2025 06:28 578

Келесі маусымда "Ақтау" футбол клубы тізгінін украиналық бапкер Владимир Мазяр ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Аladop.kz-ке El.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік маман осыған дейін де Қазақстанда жұмыс істеп кеткен. Атап айтқанда ол 21/21, 22/23-жылғы маусымда «Ақжайықтың» бас бапкері болды. Соңғы жылы оралдық командамен 45 ойын өткізіп, оның 14-жеңіске жетті. Төрт матчта тең ойнап, тағы 22 кездесуде жеңіліс тапқан. 

Владимир Мазяр «Ақжайықтан» бөлек украиналық «Львов», «Полесье», «Рух Винники» және тағы бірқатар клубтарда жұмыс істеген. Бапкерлік мансабын өзінің отанында бастаған. 

«Атырау» былтыр ҚПЛ-ді Беларусь маманы Виталий Жуковскийдің бас бапкерлігімен 7-орынмен аяқтады. Сондай-ақ, Қазақстан кубогінің финалына шықты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға