Жаңалықтар

Атырау қаласында славян халқының алғашқы егін мерекесі аталып өтілді

Атырау қаласында славян халқының алғашқы егін мерекесі аталып өтілді
27.08.2018 11:15 1959

Атырау қаласындағы ретро-саябақта "Яблочный спас" мерекесі аталып өтілді.

Аталмыш  шара Атырау облысы ҚХА-сы Атырау облысы əкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен және «Орыс, славян, казактар қауымдастығының» ұйымдастыруымен өткізілді.

Қала тұрғындары мен қонақтардың назарына қонцерттік бағдарлама ұсынылды. Шараның соңында көрермендер алма қосылған түрлі тағамдардан дәм татты.

Халық мерекесін ұйымдастырып өткізудегі басты мақсат - славян дәстүрлерін жаңғырту, бірлікті, татулықты, тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді нығайту, насихаттау.

Шараға "Светоч" славян ЭМБ-ің, "Татулық" татар-башқұрт ЭМБ-ің және "Иверия" грузин ЭМБ-ің мүшелері ұлттық әндері мен мен билерімен шашу тарту етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға