Жаңалықтар

ҚХА еріктілері халық денсаулығы үшін игі шаралар атқаруда

ҚХА еріктілері халық денсаулығы үшін игі шаралар атқаруда
16.07.2020 11:24 3087

COVID-19 індетіне шалдыққан науқастарды емдеу барысында кез-келген медицина қызметкерлері бірінші кезекте өз өмірін тікелей қауіпке тігетіні анық. 

ҚХА еріктілері халық денсаулығы үшін игі шаралар атқаруда

Күн сайын қауіпті індетпен бетпе-бет келіп, өз қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері сүт өнімдерін жеткізіп, алғысына бөленді.

Игілікті істі қолға алған атыраулық этнос өкілдері  «Біз біргеміз» акциясы аясында Атырау қаласындағы “Сұлтан, “Ізмағанбетов”, “Дәурен” жеке шаруашылық иелерімен бірге covid-19 індетіне шалдыққандарды емдеп жатқан нөмірі 2-ші инфекциялық аурухананың 120 және Сары өзектегі өкпе ауруларын емдейтін ауруханада ашылған провизорлық бөлімнің 15 қызметкерлеріне 5 литр шұбат, 40 литр сиыр және 5 литр ешкінің сүтін, 35 келі қияр жемісін жеткізді. 

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, елдің басына түскен ауыр жағдайды бірлесе көтеріп, әр науқас адамның емделіп шығуына тілекші болған,  дәрігерлер қауымына қолдау білдірген Ассамблея мүшелеріне ақ халаттылар шексіз ризашылықтарын жеткізді.

Тағы бір айта кетерлігі ҚХА еріктілері “Лекарства Атырау” чатын ұйымдастырып, атыраулықтарға көмек беріп жатыр. Олардың мақсаты – тұрғындарға қажетті  дәрі-дәрмегі бар дәріханалар туралы немесе көмек алу нысандар жөнінде күнделікті ақпарат беру. Бүгінде бұл чатқа 500-ға жуық атыраулық қосылып, соңғы үш күнде тіркелгендердің 30 пайызы қажетті дәрілерін тапқан. Сол секілді бұл топта қажетті дәр-дәрмекті тегін таратып жүргендер де бар. Олар жалпы алғанда мұқтаж 37 отбасыға көмек көрсетті. «Лекарства Атырау» чатына қосылам деушілер төменгі сілтемеге өтсе болады:

https://chat.whatsapp.com/LVdUFJA4lHgJVbI5SKfKaq 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға