Жаңалықтар

Аты аңызға айналған «GULDER»» ансамблінің жеке концерті өтеді

Аты аңызға айналған «GULDER»» ансамблінің жеке концерті өтеді
Фото: «Қазақконцерт» академиялық драма театры 17.10.2024 11:08 105

18 қазан күні Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында аты аңызға айналған «GULDER»» ансамблінің концерті өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«GULDER» ансамблі – «G-band», балет және эстрада солистерін біріктірген Қазақстанның ең танымал және тарихы терең ансамблі.

Концерт Қазақконцерт жұлдыздары – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әлібек Әлмадиев, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Әбдіхалық, Сұлтан Ахмет, Ербол Тәжібаев, Анна Уварова және Ақбөпе Әлібекованың қатысуымен өтеді.

Ұжым көпшілікті қазақтың әндері мен дәстүрлі билері, сондай-ақ заманауи музыка мен эстрадалық нөмірлерді ұтымды үйлестіре отырып, жаңа әрі әсерлі би қойылымдарымен таңғалдырмақ.

Айта кету керек, 2023 жылдың көктемінде «GULDER» ансамблінің жаңартылған құрамының тұсаукесері өтті. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі - Абзал Өсімбаев, бас балетмейстері - Анвара Садықова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға