Жаңалықтар

Қатты ыстық: Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болжанады.
Қатты ыстық: Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
13.07.2022 08:18 3236

Қазгидромет 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуі ҚР аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райын сақтайтын болады – найзағаймен бірге жаңбыр жауады, желдің күшеюі, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғып, батысында бұршақ жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болжанады.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға