Жаңалықтар

Аттың сыны, жылқының жүрісі (ФОТО)

Аттың сыны, жылқының жүрісі
19.10.2015 08:52 150229

Жылқы тақырыбы бізде өте көп зерттелген. ХІХ ғасырдың 80-90 жылдары жылқы жөніндегі материалдар көбейіп, көлемді мақалалар мен арнаулы деректер басыла бастады. Жылқы туралы дерек өте көп, соның бір парасын сіздерге инфографика ретінде ұсынып отырмыз. Аттың сыны, аттың сыртқы мүшелерінің атауы, жылқының жүрісі туралы.

Аттың сыны

Республикамыздағы жылқы саны ТМД елдеріндегі жылқының 20 пайызын құрап, бірінші орында тұр екен. Елімізде 1,5 миллион бас жылқы бар екен. Қазақстандағы барлық жылқының 70 пайыздан астамы ежелгі ата-баба дәстүрімен, тебіндеп жайылу әдісімен бағылады. Сондай-ақ, Қазақстан қымыз өндіру бойынша да ТМД көлемінде бірінші тұрады.

Аттың сыны

Халықтың ат жарату өнерін Бөкей ордасында 33 жыл Жәңгір ханның атбегісі болған Шоқай Шонқаевтан ауызба-ауыз жазып алған атты әскер офицері А.Каллердің мақаласы бұл тақырыпқа жазылған бірден-бір еңбек. Атбегінің ұзақ жылдардағы мол тәжірибесі айна-қатесіз қағаз бетіне түсірілген. А.Каллердің жазып алғанындай, ат баптау мерзімі мамыр айының басынан басталып, екі жарым айға созылып, үш кезеңнен тұрады. 1 – жемдеу; 2 – атты әртүрлі жүріспен жүргізіп (аяң, желіс, шабыс) бабына келтіру; 3 – терлету, денесін майынан айырып жеңілдету. Зерттеушінің еңбегінде баптау мерзіміндегі аттың қай мүшесінің қандай болу керектігі, жемдеу тәсілдері, қораа қаңтару, жүріс түрлеріне салу рет-ретімен жазылып, ұғынықты түсірілген.

Жылқының сыртқы мүшелері

А.М.Каврайский 1923 жылы қазақ жылқысы туралы шыққан еңбегінде, Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы жалпы жылқы саны 8 млн-ға жетіп қалуы керек деп жорамал жасаған.

Жылқының сыртқы мүшелері

Қазақтың жылқыға байланысты туған наным-сенімдері Х.А.Арғынбаевтың, Ә.Т.Төлеубаевтың, С.Е.Әжіғалидің еңбектерінде, мақалаларынд көрініс тапқан. Жылқыға байланысты тарихи-этнографиялық деректердің қайнар көзі – фольклорлық материалдар, атап айтқанда батырлар жыры, аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер.

Жылқының жүріс түрлері

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы жылқы шаруашылығына байланысты әдебиеттердің барлығы алдымен қазақ жылқысын таныстыру мақсатында сипаттама түрінде жазылған.

Жылқының жүріс түрлері

Қазақтың атқа отыруын басқа халықтар тамсана суреттейді. Соның бірі орыс армиясының генералы болған И.О.Бабков. «Қазақтар казактарға қарағанда тамаша шабандоз, жақсы жауынгер болу үшін оларға тек қару жетіспейді. Егер де қарулары болса, олар біздің емес, біз олардың айтқанымен жүріп, айдағанына көнер едік» деген.



Деректерді әзірлеген – Жандос Смайлов

Инфографиканы жасаған – Арман Қалибекұлы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға