Жаңалықтар

Аттестаттау: қанша полиция қызметкері өз лауазымын атқаруға лайық емес деп танылды

Аттестаттау: қанша полиция қызметкері өз лауазымын атқаруға лайық емес деп танылды
Фото: ©El.kz 15.07.2024 17:04 1981

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев брифинг барысында полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестациялаудың аралық нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шыңғыс Алекешев кадрлық әлеуетті арттыру жылы аясында басшылық лауазымдағы полиция қызметкерлері кезектен тыс аттестациядан өтіп жатқанын тілге тартты.

Аттестаттау 1 сәуір күні басталып, жыл соңына дейін жалғасады. Аттестаттаудан алғаш рет өтіп жатқан қызметкерлер Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тестілеу орталығы базасында заңнамаларды және логикалық ойлау деңгейін айқындауға бағытталған тестілеуден өтеді. Сонымен қатар аттестациялық комиссия құрамына алғаш рет прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері кірген, - деді ол.

Ресми өкілдің сөзінше, бүгінде комиссияның 27 отырысы өткен.

Комиссия мыңнан астам қызметкерді тексерді. 12%-ы кадрлық резервке қабылдау үшін ұсынылған. 79%-ы атқаратын лауазымына лайық деп танылған. 9%-ы атқаратын лауазымына лайық емес деп танылып, оның қызметін төмендету нәмесе басқа бөлімге ауыстыру ұсынылған, - деді Алекешев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға