Жаңалықтар

Атқарушы және жергілікті билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату өте маңызды - Тоқаев

Атқарушы және жергілікті билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату өте маңызды - Тоқаев
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі 19.04.2023 10:06 782

 Атқарушы және өкілді билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату өте маңызды. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жуырда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Үкімет қайта жасақталды. Осылайша, ауқымды саяси өзгерістің алғашқы кезеңі аяқталды деуге болады. Біз билік тармақтарының тепе-теңдігін орнықтырдық. Енді еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек. Жұртшылық бұл реформаларға зор үміт артып отыр. Сондықтан, біз нақты іс-шараларға баса мән беруге тиіспіз, - деді Тоқаев.

Ол Парламент сессиясының ашылуында заңнамалық тұрғыдан шешілуге тиіс бірқатар мәселені атап өткенін еске салды.

Ал бүгін әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттерді айқындап алуымыз керек. Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер соған сүйеніп жұмыс істейтін болады. Осы басқосуға мәслихаттардың өкілдері қатысып отыр. Бұл да – нақты саяси өзгерістердің нышаны. Атқарушы және өкілді билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату өте маңызды. Қажет болса, олар бірін-бірі толықтырып, қолдап отыруы керек. Мұның бәрі мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ел мүддесін ескере отырып шешім қабылдауға жол ашады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға