ATP 250 Almaty Open турниріне қатысушылардың тізімі жарияланды
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) Алматыда өтетін ATP 250 турнирінің қатысушылар тізімін таныстырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тізім көшін былтырғы ATP 250 Almaty Open чемпионы, әлемнің 10-ракеткасы Карен Хачанов бастайды. Сонымен қатар 18-ракетка Даниил Медведев, 19-ракетка Александр Бублик, 25-орындағы Флавио Коболли және 30-ракетка Лучано Дардери жарысқа қатысады.
Қазақстанның оңтүстік астанасына мына спортшылар да келеді: Алекс Михельсен (ATP 32), Брендон Накашима (ATP 33), Габриэль Диалло (ATP 35), Корентин Муте (ATP 39), Фабиан Марожан (ATP 55), Хамад Медьедович (ATP 66), Бу Янчаокете (ATP 74), Адам Уолтон (ATP 76), Ласло Джере (ATP 77), Джордан Томпсон (ATP 78), Мариано Навоне (ATP 82), Артюр Казо (ATP 84) және Лука Нарди (ATP 85).
Қазақстан намысын Бубликтен бөлек Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Әмір Омарханов, Денис Евсеев, Тимофей Скатов және тәжірибелі Михаил Кукушкин қорғайды.
Жарыс 11-19 қазан аралығында Алматы Аренада өтеді. Негізгі сеткаға барлығы 28 спортшы шығады: олардың 18-і рейтинг бойынша, 3 спортшы ұйымдастырушылардың wild card-ына ие болады, тағы 3 ойыншы Special Exempt жолдамасымен қатысады, ал қалған 4 теннисші іріктеу сынында өз орнын жеңіп алады.

