Жаңалықтар

Атасы немересіне ерекше есім қойып, көпшіліктің сынына ұшырады

Атасы немересіне ерекше есім қойып, көпшіліктің сынына ұшырады
Фото: news18.com 23.02.2024 15:38 3855

Glhynnyl Hylhyr Yzzyghyl. Бұл - кездейсоқ әріптер емес, жаңа туған нәрестеге берілген есім, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Филиппинде жаңа туған шақалаққа ерекше есім беріліп, бұл әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Отбасы мүшелерінің айтуынша, бұл есімнің үлкен мағынасы бар.

Глиннил Хилгир Иззигыл М. Бускато есімін сәбидің атасы Раугила Феролина Эстрера қойған. Бұл елде де сәбилердің есімдерін үлкендерге қойдырады екен.

Бұл есімді бір апта бойы ойластардым, арасында қателесіп, қайта түзеттім, - деді Раугила.

Бұл әріптердің таңдалуы бекер емес. Олар отбасы мүшелерінің аттарынан таңдалған. Мысалы, анасының есімі Джеральдина екен, оның есімінен G және N әріптері алынған.

Атасы немересіне ерекше есім қойып, көпшіліктің сынына ұшырады

Сурет: news18.com

N, Y және L Джеральдинаның әжесінің есімінен алынған. Дауысты дыбыстардың бәрінің орнына Y таңдалыпты, себебі отбасының барлық мүшесінің есімдерінде осы әріп бар болып шықты. Мысалы, үйдегі үш қыздың есімдері - Joralyn, Jeoradyl және Jerrylyl.

Мұндай қиын есім құжат беретін мекеме өкілдерін де біраз әбігерге салған. Алғашында баланың есімі қате жазылып, туу туралы куәлік қайта шығарылған. 

Бұл жаңалық әлеуметтік желіде де талқыланып, оның атасының қойған есімін сынап жатқандар көп. Глиннил Хилгир Иззигил деп ат қою баланы мазақ қылғанмен бірдей деп жазып жатыр. Оның алдағы уақытта балабақшаға, сонан соң мектепте баратынын ескерсек, ата-анасы айтуға оңай лақап ат ойластыруы мүмкін.

Осылайша, баласына X Æ A-12 деп ат қойған Илон Масктың өзі шаң қауып қалған секілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға