Атасы немересін ұрып өлтірген
07.04.2025 11:33
Фото:
Мәскеу қаласының прокуратурасы
Мәскеуде көпқабатты тұрғын үйлердің біріні пәтерінде 2023 жылы туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық прокуратура мәліметінше, сәби мас күйде болған 51 жастағы атасы ұрып өлтірген. Бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Кінәсін толық мойындаған жоқ.
5 сәуір күні айыпталушы мас күйінде Твардовский көшесіндегі тұрғын үй пәтерінде 2023 жылы туған кішкентай немересінің басынан, денесінен және аяқ-қолдарынан бірнеше рет қолымен соққы жасаған, содан кейін баланың басы мен денесін қабырға мен еденге бірнеше рет ұрған. Бала көз жұмды, – деп хабарлайды прокуратура.
Жақын арада сот айыпталушыға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдамақ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

