Жаңалықтар

Атақты боксшы Шүменов кішкентай баласын көтеріп алған ер адамды соққыға жыққан

Атақты боксшы Шүменов кішкентай баласын көтеріп алған ер адамды соққыға жыққан
Фото: Видеодан кадр 11.07.2023 18:10 16866

Астанадағы сауда және ойын-сауық орталығының бірінде қолында кішкентай баласы бар ер адамды өзге ер адам ұрып-соқты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фуд-кортта болған төбелестің бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Видео авторының айтуынша, оқиғи 18 маусымда болған.

Жәбірленуші тарап қылмыстық құқық бұзушылық істі тергеуді тоқтатқан полиция қызметкерлеріне наразы. Бұл мәселеге қатысты қалалық полиция департаментінен пікір білдірді.

Оқи отырыңыз:

Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, осы оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру тағайындалды, оның нәтижелері бойынша құқықтық бағалау берілетін болады. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген полиция департаментінің мәліметінде.

Желіде ол адамның боксшы Бейбіт Шүменов екені айтылуда. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға