Жаңалықтар

Атақты «Рэкетир» жұлдызы Дастен Шакиров

Соңғы онжылдық үздік фильмінің жалғасы бірнеше айдан соң жарық көреді!
21.01.2015 12:59 10459

El.kz редакциясы сіздерді еліміздің  танымал тұлғарымен таныстыруды жалғастырады. Келесі кейіпкеріміз қазақ киноиндустриясының жарқын жұлдызы - Дастен Шакиров.

Атақты «Рэкетир» жұлдызы Дастен Шакиров

    Шакиров Дастен - актер, тележүргізуші. 1987 жыл 21 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді. 1994 Ш. Смаханұлы атындағы №62 қазақ лингвистикалық гимназияға оқуға барып, 2005 жылы бітіреді. Мектеп қабырғасында білім алып жүріп, Тагир Зариповтың джаз музыкалық мектебінде фортепиано сыныбы бойынша 7 жыл оқуын қызыл дипломмен тәмамдайды. Гимназияны бітірген соң, Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес академиясына «Финансы» мамандығының ағылшын бөліміне оқуға түседі. 2009 жылы оқуын аяқтап, диплом алып шығады.

2007 жылы модел агенттігіне жұмысқа орналасып, жарнама роликтері мен бейнеклиптерде түсе бастайды.

Спортпен жиі айналысады: жүзу, жүгіру, бокс. Шахмат ойнағанды, классикалық, джаз және заманауи өлеңдерді тыңдағанды жақсы көреді. 

Фильмография: «Жаным» 2010ж,  «Болашак» 2011ж, «Коктейль для звезды 2» 2011ж, «Достар» 2012ж, «Оазис любви» 2012ж, «Одноклассники» 2012ж, «Жау жүрек мың бала» 2012ж, «Бауыржан Момышұлы» 2013ж, «Вопреки всему» 2013ж, «Параллельные миры» 2013ж, «Парыз» 2013ж, «Молоко, сметана, творог» 2013ж, «Махаббатым жүрегімде» 2014ж, «Рэкетир 2» 2014ж.

 Атақты «Рэкетир» жұлдызы Дастен Шакиров

«Болашақ» - дәрігердің күнделікті жұмысы туралы хикая (35 сериялық фильм)

Басты кейіпкер – Нұржан есімді жас дәрігер-хирург. Мәскеудегі медицина институтын қызыл дипломмен оқып шыққан. Оның әке-шешесі де дәрігерлер. Алматыға оралған кезде қаланың беделді клиникаларына жұмысқа орналасуға мүмкіндіктер ашылады. Бірақ та Нұржан ауылда жұмыс жасауға шешім қабылдайды.

Дастен бұл фильмде басты рөлдегі кейіпкерді сомдайды.

 Атақты «Рэкетир» жұлдызы Дастен Шакиров

«Рэкетир 2»

Режиссер Ақан Сатаев соңғы онжылдықтың үздік фильмдерінің бірі «Рэкетир»-дің екінші бөлімінің түсірілімін аяқтады.

Түсірілім Қарағанды, Алматы және Астана қалаларында өтті. Басты рөлдерде Саят Исембаев, Әсел Сағатова, Жан Байжанбаев, Фархад Абдраимов, Дастен Шакиров, Аян Өтепберген және Максим Акбаров ойнайды. «Рэкетир» фильмінің екінші бөлімінің премьерасы 2015 жылдың көктеміне жоспарланып отыр. Кейбір деректерде наурыз айында жарық көреді делінеді. Еске сала кетейік, «Рэкетир» фильмнің бірінші бөлімі 2007 жылы шықты.

Атақты «Рэкетир» жұлдызы Дастен Шакиров

«Жаным» телехикаясы

Абеновтар әулетінің үш буыны туралы түсірілген хикая. Үлкен буыны совет кезіндегі 60-жылдары өсті, «алтын ұрпақ» атанған оладың балалары КССР құлағаннан кейін, 90-жылдардың қиындықтарына жолығады. Қазіргі жас буыны болса уақыттарын интернетте өткізеді.

Дастен Шакиров басты кейіпкер Мұхтар Абеновты сомдайды.

Атақты «Рэкетир» жұлдызы Дастен Шакиров 

«Махаббатым жүрегімде»

12 сериялы фильм 2014 жылдың қараша айында жарық көрді. Махаббат туралы телехикая көрермен көңілінен шығып, үстіміздегі жылы екінші бөлімді түсіру жоспарлануда. Басты рөлдерде Гүлназ Жоланова(«Қазақ аруы-2014»), Тәуекел Мүсілім, Дастен Шакиров, Жанар Дұғалова, Баян Есентаева түседі.

Дастен Қазақ-Британ техникалық университетінің студенті рөлін ойнайды. Хикая Алматы қаласында түсірілді.

Атақты «Рэкетир» жұлдызы Дастен Шакиров

Атақты «Рэкетир» жұлдызы Дастен Шакиров

Атақты «Рэкетир» жұлдызы Дастен Шакиров

Атақты «Рэкетир» жұлдызы Дастен Шакиров



Арай АХМЕТОВА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға