Жаңалықтар

«Ата-баба мұрасын сақтаймыз және жалғастырамыз» көрмесі

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Туған жерім» республикалық балалар конкурсы
15.12.2015 06:49 14399

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілетін «Туған жерім» республикалық балалар конкурсының нәтижесі бойынша жеңімпаздарды марапаттау және «Ата-баба мұрасын сақтаймыз және жалғастырамыз» көрмесінің ашылуы өтті.

«Ата-баба мұрасын сақтаймыз және жалғастырамыз» көрмесі

Конкурсқа 9-17 жас аралығындағы Қазақстандағы арнаулы балалар көркемсурет мектептерінің оқушылары қатысты. Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен, жеңімпаздардың ұстаздары – алғыс хаттармен марапатталды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген конкурсқа қатысушылар үшін елордамыздың көрікті жерлерін аралауға арналған экскурсиялар жоспарланған. Балалар көркемсурет мектебінің ұстаздары сәндік-қолданбалы өнер бойынша арнайы шеберлік-сыныптарын ұйымдастырды.

«Ата-баба мұрасын сақтаймыз және жалғастырамыз» көрмесі

«Ата-баба мұрасын сақтаймыз және жалғастырамыз» көрмесі

«Ата-баба мұрасын сақтаймыз және жалғастырамыз» көрмесі

Конкурсқа 200-ден астам жұмыс ұсынылды. Балалардың туындылары жан-жақты – бар ықыласымен, қызығушылығымен орындалған, тылсым әрі таңғажайып сиқырға толы. Әділ-қазылар алқасы «Кестелеу», «Ойыншық», «Тігу», «Сәндік жазу», «Көркем мүсіндеу», «Табиғи материалдармен жұмыс», «Бисер моншақтармен өру», «Қуыршақ», «Декупаж» номинациялары бойынша ең үздік туындыны іріктеді.

«Ата-баба мұрасын сақтаймыз және жалғастырамыз» көрмесі

Азамат Ару, Мектептен тыс дамыту орталығы, Орал қаласы, 15 жас:

- Мен бисер тоқумен айналысқаныма ұзақ уақыт өтпегенімен, сүйіп шұғылданатын ісім. Бүгінгі көрмеге «Желтоқсан желі» атты жұмысымды дайындап алып келдім. 1986 жылы болған оқиғаға байланыстырып, сол кездердің суықтығын, ауырлығын көрсеткім келді. Моншақтар, бисерлермен түрлі фигураларды, табиғатты жандандырамын. Үйімде біраз жұмыстарым жинақталып қалды. Болашақта атақты қолөнерші және білім беретін ұстаз болғым келеді.

«Ата-баба мұрасын сақтаймыз және жалғастырамыз» көрмесі

«Ата-баба мұрасын сақтаймыз және жалғастырамыз» көрмесі

«Ата-баба мұрасын сақтаймыз және жалғастырамыз» көрмесі

Конкурс көрсеткендей жұмыстарда бейбітшілік пен мейрімділік, келісім мен достық нышандарының сыр шертетін еліміздегі түрлі халықтардың өмір сүру дағдысы бейнеленген. Осының бәрі біздің еліміздің игілігі  болып табылады. Көрмеге келушілер әлем мен сұлулық болашақ жас шеберлердің сенімді қолында екеніне көз жеткізеді.

Ең үздік жұмыстар ҚР ТПМ, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және Балалар көркемсурет мектебінің сайтында жарияланады.


Көрменің толық фотоальбомын мына жерден көре аласыздар...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға