Жаңалықтар

Асырап алған балаларын қорлаған емші бұрын адам өлтірген

Асырап алған балаларын қорлаған емші бұрын адам өлтірген
Фото: видеодан алынған кадр 18.06.2024 15:25 7050

Шымкентте қамқорлығына және асырап алған балаларына жауыздық танытқан емшінің бұған дейін адам өлтіргені расталды. Сондай-ақ ол психикалық ауытқумен есепте тұрған, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі inform.kz-ке сілтеме  жасап.

Емші ісіне қатысты жабық сот процесі өтіп жатыр. Сот отырысына келген қалалық білім басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің маманы Жадыра Тоғысбекова тілшілерге берген сұхбатында ер кісі бала асырап алмас бұрын жұбайы екеуі бала асырап алу бойынша арнайы курстан өткенін және бірнеше құжат ұсынғанын айтты. 

Бұл құжаттар ішінде емшінің бірқатар медициналық анықтамада дені сау екені, бұрын сотталмағаны көрсетілген.  Басқармадағылар биыл мамырдың 27-сінде прокуратураға сұраныс жіберген. 

ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті «Ақпараттық қызмет» жүйесі жасаған құжатта емшінің 1993 жылы «абайсызда адам өлтіру» бабымен істі болғаны және психикалық ауытқуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылып, ол мәжбүрле емдеуге жіберілгені көрсетілген. 

Айта кетейік, емшіге сот актісі бүгін жарияланады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға