Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үш жыл ең қиын кезең болды»

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үш жыл ең қиын кезең болды»
Фото: baq.kz 15.06.2022 15:00 2295

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тақта отырған кезеңде қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін атап өтті. 

Шын мәнінде мен 3 жыл бұрын Мемлекет басшысы ретінде жұмысыма кіріскен едім. Осы 3 жыл мен үшін ғана емес, бүкіл дүние жүзі үшін қиын кезең болды. Әлемдегі жағдайлардың тұрақсыздығы, COVID-19 пандемиясы секілді сындарлы кезеңдерді бастан кешірдік. Қазақстан үшін күрделі жылдар ретінде есте қалды. Елдің оңтүстігінде әскери қоймалар жарылды. Оңтүстік өңірде қатты су басты. Экономикалық жағдай да көңіл көншітпеді. Көптеген мемлекет секілді біз де біраз есеңгіреп тұрдық. Аталған қиын сәттерден, тығырықтан абыроймен шыға білдік деп ойлаймын, - деді Президент.

Сонымен қатар ол аталған қиындықтарды еңсерудегі ең басты күшке тоқталды. 

Ең бастысы – Қазақстан халқының қолдауы болды. Онсыз, көпұлтты мемлекетіміздің бір адамдай жұмылып, бірігуінсіз соңғы нәтижеге қол жеткізу өте қиын болар еді, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға