Асылбек Нұралин Мәжіліс депутаты болды
Мөлдір Қайнар тілші
15.01.2025 10:27
Фото:
Мәжілістің баспасөз қызметі
Асылбек Нұралин Мәжіліс депутаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Асылбек Нұралин Мәжілістің жаңа депутаты атанды. Ол Қазақстан Халық партиясы фракциясы атынан өкілеттілігін тоқтатқан Гауһар Танашеваның орнына келді.
Бүгін ол Мәжіліс депутаты ретінде ант беріп, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.

