Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшы Асыланбек Шымбергенов жартылай финалға өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл 71 келіге дейінгі салмақта өткен бәсеке болатын. Отандсымыз 67 келіде әлем чемпионы атанған Асахуджа Муйнхуджаевпен кездесті.
Алғашқы екі раундта төрешілер ұпай санымен ұтып жатқан. Үшінші раундта ұлттық құрама капитаны тәуекелге барып, ашық шабуылға шықты.
Сөйтіп, үшінші раунд барысында үш рет нокдаунға жіберіп, жеңісті жұлып алды.
Жартылай финалда жерлесіміз тағы бір әлем чемпионы, жапониялық Севон Окадзавамен жұдырықтасады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

