Жаңалықтар

Асыл және түсті металдар өндірісі 5,5%-ға өсті

Асыл және түсті металдар өндірісі 5,5%-ға өсті
Фото: pixabay.com 27.03.2023 12:41 1376

Қазақстанда металлургия саласындағы өндіріс көлемі 2022 жылдың 12 айында 9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 1,9%-ға артық, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Оның ішінде 5,8 млрд тг асыл және түсті металдар еншісінде, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға артық.

Қара металлургияда металл құюды қоспағанда, өндіріс көлемі 3,1 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,2%-ға аз.

Еске салайық, 2022 жылы Қазақстанда металлургия саласында 91 кәсіпорын жұмыс істеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға