Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады
03.11.2025 09:31
Фото:
UFC.com
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Қатар астанасына келіп, алдағы UFC турниріне қатысуға дайындыққа кірісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл бәсекеде Алмабаев (22 жеңіс, 3 жеңіліс; UFC-де 5–1 көрсеткіш) бұрынғы чемпиондық белбеуге үміткер америкалық Алекс Переспен (25–9, UFC: 7–5) кездеседі.
Жекпе-жекке Асумен бірге қазіргі UFC чемпионы Илия Топурияның ағасы - Александр Топурия де келген.
Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы кездесуін БАӘ астанасы Абу-Даби қаласында өткізіп, Хосе Очоаны жеңген болатын. Ал Перес өз кезегінде өткен айқасында жапон спортшысы Тацуро Таирадан техникалық нокаутпен ұтылған еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

