Асу Алмабаев UFC-де бесінші рет жеңіске жетті
27.07.2025 09:42
Фото:
Chris Unger/Zuffa LLC
Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев (21-3) Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC on ABC 9 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алмабаев перулік Хосе Очоамен (8-1) кездесті. Ең жеңіл салмақта өткен бұл жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Нәтижесінде қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Асу Алмабаев кәсіпқой мансабындағы 22-ші жеңісіне қол жеткізсе, Хосе Очоа кәсіпқой ММА-дағы екінші жеңілісін мойындады. Алмабаевтың UFC-дегі рекорды енді 5-1-ге жетті. Ол алдыңғы жекпе-жегінде ангола спортшысы Манел Капеден (21-7) үшінші раундта нокаутпен жеңілген еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

