Асу Алмабаев 50 мың долларды қайда жұмсайтынын айтты
09.08.2023 16:00
Фото:
instagram.com/darteam.kazakhstan
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев бонус ретінде алған 50 мың долларды қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық спортшы UFC-дегі алғашқы айқасында ямайкалық Оде Осборнды мерзімінен бұрын деңген болатын.
Оқи отырыңыз:
- Балғынбек Имаш пен Жеңіс Сейдоллаұлы құда болды
- Димаш Құдайберген Абай Құнанбайұлының туған күніне орай челлендж ұйымдастырды
Екеуара кездесу 6 тамыз күні UFC on ESPN 50 аясында Нэшвиллде өтті.
- Бонусты қайда жұмсайсың?
- Көлік алуға жұмсайтын шығармын. Бір-екі жыл болды көліксіз жүргеніме.
- Қандай көлік алғың келеді?
- Әзірге ештеңе қараған жоқпын. Алдымен түссін, сосын көрерміз.
- UFC бірден бермей ме сонда?
- Келісімшарт бойынша 10 жұмыс күнінен соң жібереді екен.
Естеріңізге сала кетейік, «Зульфиқардың» жекпе-жегі UFC on ESPN 50 аясында 6 тамызда Нэшвиллде өтті. 8 тамызда спортшы елге оралды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

