Астананың тұрғын алаптарында Республика күні қандай іс-шаралар өтеді
Биыл елордада Республика күнін мерекелеу аясында 200-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар өткізу жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, концерттер қаланың орталық алаңдарында ғана емес, қаланың бес ауданының тұрғын алаптарында да өткізіледі.
Алдағы іс-шаралардың қатарында мерекелік концерттер, автошерулер, көрмелер, балаларға арналған экскурсиялар, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер, халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік себеттерін тарату және т.б. бар.
Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын үй алаптарының аумағында, білім беру ұйымдарында және т.б. өтеді.
Оқи отырыңыз:
- "Балаларды қазақша сөйлеуге міндеттеген". Желіні шулатқан бапкерді Парламентке шақырды
- «Менен ұл жоқ»: Мырзатай Жолдасбеков өміріндегі басты өкініші жайлы айтты
Мәселен, бұл күндері аудан әкімдіктерімен бірлесіп қаланың бес ауданының тұрғын алаптарында мерекелік концерттер өткізілетін болады:
Сарыарқа ауданы – Көктал-2 тұрғын алабы (Қорғалжын алаңы), сағат 12.00;
Байқоңыр ауданы – Өндіріс тұрғын алабы, сағат 12:00;
Алматы ауданы – Интернациональный тұрғын алабы (Мекере көшесі, 2/1), сағат 12.00;
Есіл ауданы – Пригородный тұрғын алабы, сағат 12.00;
Нұра ауданы – Жағалау шағын ауданы (Сығанақ-Айтматов қиылысындағы саябақ) сағат 12:00-де.
Айта кетейік, Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда тұрғындары «Менің елім – менің туым!» челленджін бастады. Астананың бес ауданында терезелер мен балкондарға және көше бойына 1000-нан астам ту ілінген.