Жаңалықтар

Астананың тарихи көшелерінде жүгіру марафоны өтті

Астананың тарихи көшелерінде жүгіру марафоны өтті
Фото: instagram.com/saryarqa.audany 31.08.2024 23:18 722

Бүгін 31 тамызда Астанада SARYARQA RUN жүгіру марафоны өтті. Спорттық шараға алғашқы тіркелген 500 қатысушы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сарыарқа ауданы әкімдігі жарыс 16 жастан асқан азаматтарға ашық болғанын және тіркелу үшін ешқандай жарна алынғбағанын атап өтті.

Барша қазақстандықтарды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! «Saryarqa Run» марафоны 5 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтуге дайын көптеген спортшыларды жинағанына қуаныштымыз. Бұл оқиға физикалық төзімділікпен қатар, бірлік, патриотизм және рухтың беріктігін де білдіреді. Бірінші қатысушы мәреге 15 минутта жетсе, соңғысы 40 минутта келді. Мұндай шараларға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көру бізді спорттық дәстүрлерді дамытуға ынталандырады. Барша спорт сүйер қауымды алда өтетін дәстүрлі «Koktal Run» жарысында күтеміз, — деді Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Әділ Қапсалямов.

Марафонның ерекше қатысушысы - 64 жастағы Талапнұр Байзақ. Зейнеткер 27 минутта 5 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтіп, жастарды артта қалдырды.

Жеңімпаздар бірнеше жастағы категориялар бойынша медаль, диплом және құнды сыйлықтармен марапатталды.

Нәтижелер:

16-49 жас аралығы (ерлер):
1. Ахим Еркебай
2. Куаныш Бекенов
3. Архат Қалдыбек

16-49 жас аралығы (әйелдер):
1. Диана Ержанова
2. Гүлмира Газизқызы
3. Әлия Асылбекова

50 жастан жоғары (ерлер):
1. Мендыбай Әлімғазинов
2. Алекс Амиот
3. Ержан Жиекбаев

50 жастан жоғары (әйелдер):
1. Динара Шаймерденова
2. Насипа Шынбаева
3. Ботагөз Ақжігітова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға